«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090001, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201, анықтама телефоны: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508,
электрондық мекенжайы: b.kense@bko.gov.kz
«Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК директоры.
Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Хабарлама телефон арқылы, кандидаттардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Конкурстың өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №201, 115 кабинет (оң есік), электрондық мекенжайы: b.kense@bko.gov.kz
БҚО, Орал қаласы, профессор В. Иванов атындағы көше, 42А
телефондары: 8 7112 26-05-61, 8 7112 26-05-58
электрондық мекенжайы: zkoaids.info@gmail.com
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК мынадай функцияларды жүзеге асырады: АИТВ-инфекциясының алдын алуға және оның таралу қарқынын төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру, АИТВ-жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, облыс халқын АИТВ-инфекциясына диагностикалау, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үлгісі бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат) ;
немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
Басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде конкурсқа құжаттарды ұсынады.
Құжаттарды қабылдаудың басталуы: 2024 жылғы 16 ақпан.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2024 жылғы 1 наурыз.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
4) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
6) «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалалар құжаттарды оларды қабылдау аяқталған күнге дейін ұсынады:
қолма-қол мына мекен-жай бойынша: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №201, 115 кабинетке (оң есік);
немесе b.kense@bko.gov.kz электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде, бұл ретте құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей берілуі тиіс. Оларды бермеген жағдайда, тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.