Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының денсаулық  сақтау басқармасының

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

талдамалық анықтама

 

  1. Жалпы ақпарат

2023 жылғы 4 тоқсанына  - 923136 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 2726
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 0
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны- 637274
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –268255

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:

  • egov.kz портал арқылы-14881
  • elicense.kz порталы-0
  • (Өзгеде ақпараттық жүйелер атауы және саны (Авиценна,Дамумед,АДИС)- 920410

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 7, оған
274  медицина қызметкерлері қатысты,  және «Қазақстан» РТРК АҚ БҚОФ облыстық радиода «Денсаулық» хабарына  №3 қалалық емхананың эндокринолог-дәрігері Намазбаев М.А қатысты,  «Қант диабетінің алдын алу» тақырыбында.

«Сусамырға шалдыққандар көбеюде» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел шарасы Орал өңірі газетіңде 2023 жылғы  16 қараша №92 номерінде жарияланды.

 Денсаулық сақтау басқармасы 4 тоқсанда  қазан-қараша  айларында онлайн және офлайн арқылы, мемлекеттік  қызмет көрсету тақырыбында, 2 (екі) семинар-кенес өткізілді (11.10.- 01.11.2023ж.)  басқармаға бағынысты және жеке барлық медициналық мекемелер қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 1 бір саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі: оң

 

 

 

Дата публикации
26 января 2024