БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ “Облыстық көпбейінді ауруханасы” МКК Байқау кеңесі кәсіпорын директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: БҚО, Орал қ. Н. Савичев көшесі 85,
анықтамалар үшін тел. : +7 7112 26 62 70, 26 63 78, 8705 875 54 54
эл.пошта: zkoblbolnica@yandex.ru,
Н. Савичев көшесі 85, 3-корпус, 2 қабат, мәжіліс залы.
1.БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК қызметінің мәні: қала және облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету болып табылады. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – қала және облыс тұрғындарына мамандандырылған, білікті медициналық көмек және ЖТМК көрсету сапасын арттыру, денсаулықты сақтау және нығайту, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуде халықтың медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру; консультативтік-диагностикалық көмек көрсету.
Медицина саласындағы жоғары білім;
“Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау"даярлау бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық " немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) "Бизнес және құқық" немесе МВA executive немесе full time дәрежесі, Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты, Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
Медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттердің болуы: бірінші (жоғары) біліктілік санатындағы дәрігердің (бейіні бойынша) біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің анықтамасы.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, конкурсқа қатысушы тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Үміткерлерді жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізілетін күн туралы хатшы әңгімелесуге жіберілген үміткерлерді хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы, ақпаратты үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Байқау кеңесі үміткерлерді қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді.
Әрбір үміткермен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Сұхбат келесі кезеңдерден тұрады:
1) Кәсіпорынды дамытудың презентациясы;
2) Үміткердің құзыретін бағалау. Кәсіпорынның дамуын таныстырған кезде үміткер кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдау жасайды және оларды шешу бойынша шараларды ұсынады. Құзыретті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу үшін қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.