Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
"____"________________2020 жыл
|
|
Қазақстан Республикасы |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;
8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;
9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;
10) сертификаттау курсы – негізгі мамандық шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған бейресми білім беру нысаны;
12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;
13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру тәртібі
Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:
1) каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;
2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;
3) бағдарламаны сараптау;
4) каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру
1) біліктілікті арттыру бағдарламалары салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған;
2) сертификаттау курсы негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тыңдаушыларды базистік және ағымдағы бақылауды Білім беру ұйымдары жүргізеді. Тыңдаушыларды қорытынды бақылауды Кодекстің 223-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.
1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
2) сертификаттау курстарында – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.
Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамды емес.
3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.
Шет тілінде берілген құжатқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қосымша ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіне жолымен не көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы негізінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қыметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Бұл ретте оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы толтырады және оған қызмет берушімен бірге қол қояды.
Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім беру тәртібі
4-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидалары
1) қосымша білім беру:
біліктілікті арттыру туралы куәлік;
қосымшасы бар сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт);
2) формальды емес білім беру:
тағылымдаманың жеке жоспарының орындалуы туралы есеп, тағылымдама барысында алған білімі, іскерлігі мен дағдылары туралы ақпарат, тағылымдама қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімше басшысының денсаулық сақтау саласындағы маманға пікірі;
семинар, тренинг, мастер-класс, вебинар, онлайн курстан өткені туралы куәлік;
аккредиттелген бағалау ұйымының өзін-өзі бағалауының оң нәтижесі.
Қосымша білім беру үшін:
1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;
2) қосымша білім беру бағдарламалары ұзақтығының денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес келуі;
3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.
Формальды емес білім беру үшін:
1) тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының сертификаты немесе пікірі.
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
Қосымша білім беру бағдарламаларының каталогы
|
№ |
Ұйымның атауы |
Бағдарламаның атауы |
Бағдарламаның мақсаты |
Бағдарламаның ұзақтығы (кредитпен) |
Нысаналы топ |
Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі |
Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі. |
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
||||||||
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері
|
|
Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, жылдармен |
|||||||||||||||||
|
0-1 |
1-2 |
2-3 |
3-5 |
|
5-7 |
7-10 |
|
10-13 |
13-15 |
|
15-16 |
16-20 |
|
20-25 |
|
25-тен жоғары, |
||
|
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған) |
Базалық деңгей: |
|
|
|
|
|
||||||||||||
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
|||||||||||||||||
|
|
нысан |
|||||||||||||||||
Біліктілікті арттыру туралы куәлік № ______
Осымен _________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін
_________________________________________________ мамандығы бойынша
______________________________________________________ циклі бойынша
_____________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады
біліктілік деңгейі _____________________________________________________
(бірінші,екінші,үшінші - көрсету)
___________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі _____________
Мөрдің орны Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
|
|
нысан |
Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______
Осымен _________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін
сертификаттау курсынан өтті
_________________________________________________ мамандығы
бойынша
көлемінде ____________ сағат
___________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі _____________
Мөрдің орны
Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
|
|
Куәлікке қосымша |
Оқытқан ұйымының атауы_________________________________________________ ________________________________________________________________________
ТРАНСКРИПТ
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________________________
Оқу күні ___________________________________________________________
Цикл атауы ________________________________________________________
Мамандығы _______________________________________________________
Мамандандыру ____________________________________________________
Кредиттер саны (сағат)______________________________________________
|
Шифр |
Пәннің атауы |
Кредиттер саны |
Бағалау |
Қорытынды баға |
|
|
Әріптер. |
Балл |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тіркеуші __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі № ________________
Берілген күні ________________
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
|
|
нысан |
Қосымша білім алу туралы анықтама № ______
Осымен _________________________________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20 ___ жылғы "____" __________ бастап "____" ____________ дейін
_________________________________________________ мамандығы бойынша
______________________________________________________ циклі бойынша
_____________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады
_____________________________________ қосымша білім беру бағдарламасы
___________________________________________________________________
(біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету)
___________________________________________________________________
(оқытқан ұйымның атауы)
___________________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Біліктілікті арттыру бағдарламасы сәйкес келетін Салалық біліктілік шеңберіндегі
біліктілік деңгейі ________________________________________
Мөрдің орны
Берілген күні 20___ жылғы "____" ______________
|
|
Денсаулық сақтау саласындағы |
"Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1) қызмет беруші (қызметті алушы тікелей жүгінген кезде); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
қызметті берушіге жүгінген кезде: |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағазтүрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы куәлік немесе біліктілікті арттырудан өткені туралы анықтама; |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін-жеке тұлғаларға |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) қызмет беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі – жұма сағат 8.00 – ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, сенбіде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін); 2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы. |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) |
1) қызмет берушіге: |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігі анықталса; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Қызмет берушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||
Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, Симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.).
4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
1) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
2) кадрлық қамтамасыз етуге:
қосымша білім беруді (оның ішінде қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып және көшпелі циклдерде) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар өткізеді. Практикалық сабақтарды өткізу үшін профессорлық-оқытушылар құрамының жалпы санының 50% - ынан аспайтын ғылыми дәрежесі жоқ, практикалық денсаулық сақтау мамандары оқутышыларды тарту рұқсат етіледі.
денсаулық сақтау саласындағы қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқытушылардың мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық тәжірибесі, оқытылатын бейіні бойынша соңғы 5 жыл ішінде кемінде 4 кредит (120 сағат) біліктілігін арттыру бар;
3) оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге:
біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық дерекқорларға, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
базистік, ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалаудың бақылау-өлшеу құралдарының болуы;
4) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге:
меншік құқығында не жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау туралы шарттар бойынша аудиториялық қордың, тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитарлық-техникалық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін сыныптардың, зертханалардың болуы;
меншік құқығында қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылар контингентінің көлеміне, интернет желісіне қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейне-материалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың, кітапхана қорының, симуляциялық жабдықтың (манекендердің, муляждардың, тренажерлердің) санитариялық - техникалық нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы;
5) денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім беру бағдарламаларын басқаруға:
қосымша білім беру бағдарламаларын тыңдаушылардың контингентіне сәйкес қосымша білім беру процесін басқаруды қамтамасыз ететін қажетті әкімшілік құрылымның және әкімшілік-басқару персоналының штатының болуы.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК