Денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 18 түрін ұсынады, атап айтқанда: 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей мемлекеттік орган, 18 түрін ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсетеді.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында денсаулық сақтау саласында 1615878 мемлекеттік қызмет көрсетілді 63,5%-ға өсу), 2020 жылы тоғыз айда 1026368 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылдың ұқсас кезеңінде электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 1611756 (жалпы санынан 99,7%)-(28,4-ға өскен), 2020 жылы-733367 (жалпы санынан 71,4%) құрады.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қағаз түрінде 4122қызмет көрсетілді (жалпы санынан 0,3%), бұл көрсеткіш 99,0%-ға азайды, өткен жылдың ұқсас кезеңінде-293001 (жалпы санынан 28,6 %).
|
№ |
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер |
2020ж. 9 айында |
2021ж. 9 айында |
|
|
Барлығы |
1026368 |
1615878 |
|
1 |
Дәрігердің қабылдауына жазылу |
523331 |
946884 |
|
2 |
Дәрігерді үйге шақыру МАЖ арқылы») |
90484 |
120087 |
|
3 |
Медициналық ұйымға тіркелу (БХТ) |
36241 |
66511 |
|
4 |
Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру* |
0 |
0 |
|
5 |
Наркологиялық диспансерден анықтама беру* |
0 |
0 |
|
6 |
Туберкулез диспансерінен анықтама беру* |
0 |
0 |
|
7 |
АИТВ-инфекциясының болуына ерікті жасырын және міндетті құпия медициналық зерттеу |
10024 |
Тізілімнен алынып тасталды |
|
8 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру |
14690 қағаз түрінде |
47624 қағаз түрінде |
|
9 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру |
77685қағаз түрінде |
90866 қағаз түрінде |
|
10 |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру |
47403 қағаз түрінде |
74161 қағаз түрінде |
|
11 |
Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (стационарлық науқастың электрондық тіркелімі) |
63821 |
69965 |
|
12 |
Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді кері қайтарып алуды тіркеу |
0 |
0 |
|
13 |
Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту |
8149 қағаз түрінде |
18086 қағаз түрінде |
|
14 |
Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар беру |
1338 қағаз түрінде |
1826 қағаз түрінде |
|
15 |
Жедел медициналық көмек көрсету |
135427 қағаз түрінде |
143501 қағаз түрінде |
|
16 |
Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру |
557 қағаз түрінде |
1059 қағаз түрінде |
|
17 |
Емдеуге жатқызу бюросы порталы (емдеуге жатқызу бюросы порталы) арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру) |
19490 |
33021 |
|
18 |
Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру |
737 қағаз түрінде |
2296 қағаз түрінде |
|
19 |
Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігі туралы құжаттарды қабылдау және қарау |
0 |
0 |
|
2* |
«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде: |
67 |
0 |
|
2.1. |
«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы |
67 |
0 |
|
2.2.. |
Медициналық қызметке лицензия беру |
67 |
0 |
БҚО денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында ағымдағы кезеңде қалалық және аудандық медициналық ұйымдар деңгейінде 18 жоспарлы бақылау іс-шарасын өткізді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің қорытындылары бойынша ұйымның ресми сайтында жаңғыртылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының болмауы (қолжетімсіздігі) және ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының ескі баяндалуы тәрізді елеусіз бұзушылықтар анықталды, олар бақылау іс-шараларынан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жойылды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Ағымдағы айда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 1282 түсіндіру іс-шарасы өткізілді және «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету» жөнінде Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп онлайн-режимде семинар кеңес өткізілді. Медициналық ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, барлық МҰ-да қажетті мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стендтер орналастырылды.
Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік белсенді топтарына ЭЦҚ беру бойынша жұмысты күшейту, электрондық қызметтерді алу үшін оны қолдану тәсілдерін түсіндіру және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін насихаттау бойынша жұмысты жандандыру міндеті қойылып отыр.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарында көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ыңғайлы күту үшін қажетті жағдайлар жасалған (үй-жайды кондиционерлеу, күту үшін жағдайлар, отыратын орындар, электрондық кезек, «кедергісіз қызметтер» көрсету, пандустар және т.б.). Барлық қалалық емханаларда электрондық кезекті басқарудың «электрондық табло» бағдарламасы енгізілді.
Медициналық ұйымдардың үй-жайларында өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыштар ұйымдастырылған, көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық ақпараттық жүйелерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін консультациялық және практикалық көмек көрсете отырып, компьютерлер орнатылған.