"Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V заңының 44-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің м. а. 25.11.2015жылғы №725бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 133-тармағына сәйкес,Батыс Қазақстан облысы Әкімдігі атынан "Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы"ММ тікелей келіссөздер тәсілімен "Батыс Қазақстан облысында онкология мен ковидті пневмонияны анықтау бойынша жасанды сананы қолдана отырып, радиологиялық зерттеулерді цифрландыру және орталықтандыру" мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын (бұдан әрі-жоба) бастамашылық ету туралы хабарлайды.
Жобаның мақсаты:
БатысҚазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, Батыс Қазақстан облысының 27 медициналық мекемесінде өкпео бырын, сүт безі обырын және ковидті пневмонияны анықтау бойынша жасанды сананың бірегей жүйесі бар телерадиологиялық кешенді енгізу және жұмыс істеуі.
Жобаны іске асыру кезеңі: 2022-2027 жж.:
МЖӘ объектісін құру кезеңі: 2022 ж.;
пайдалану мерзімі: 2022-2027 жж.
Жобаның ауқымы: Батыс Қазақстан облысының 12 ауданындағы 27 медициналық мекеме.
Бюджеттен сұратылатын төлемдер:
- инвестициялық шығындарды өтеу;
- қолжетімділік үшін төлем.
Әлеуетті жеке әріптестің қатысуы жобаны қаржыландыру, 27 медициналық мекемеде жасанды сананы қолдана отырып радиологиялық зерттеулерді цифрландыру және орталықтандыру, сондай-ақ құрылатын инфрақұрылымға сервистік қызмет көрсету арқылы көзделген.
Құрылатын МЖӘ объектісіне бағдарламалық-аппараттық кешенге қойылатын негізгі талаптар:
-Жобада міндетті түрде медициналық кескіндер мен жедел алмасуды қамтамасыз ету үшін қажетті желілік инфрақұрылымды ұйымдастыру, сондай-ақ кескіндерді қауіпсіз беру көзделеді;
- Жоба құрылымы жүйенің орталықтандырылған жұмысын да, орталық қойманың істен шығуы жағдайында орталықтандырылмаған жұмысын да қамтамасыз етуі керек;
- бағдарламалық-аппараттық шешім мұрағаттаудың үздіксіздігі мен қауіпсіздігін және кескіндерді кемінде 7 жыл сақтауды қамтамасыз етуі керек;
- Аналогты жабдықты цифрлық форматқа ауыстыру;
- DICOM worklist арқылы PACS (ПАКС) жүйесіне цифрлық жабдықты интеграциялау (оның ішінде қажет болған жағдайда DICOM worklist лицензияларын сатып алу);
- радиология дәрігерінің жұмыс орнын мамандандырылған жұмыс станциялары мен медициналық мониторлармен жабдықтау.
Жобалардың техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатыны: қолданылмайды.
Өңірдегі тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге нақты қажеттілік: 27 медициналық мекемеде өкпе обырын, сүт безі обырын және ковидті пневмонияны анықтау бойынша жасанды сананы қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді цифрландыру және орталықтандыру арқылы құрылған инфрақұрылымда жылына 400000-нан астам зерттеулер (рентген/маммография) жүргізу.
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға,сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 130-тармағында көрсетілген жеке әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады.
Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын қосымша талаптар:
1)маммографиялық кескіндерде сүт безі обырын анықтауға, рентгенографиялық кескіндерде өкпе обырын анықтауға шешім қабылдауды қолдау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
2) рентгенографиялық кескіндерде ковидті пневмонияның шешімдерін қабылдауды қолдау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;
3) рентгенографиялық кескіндерде сүйектінін басу жүйесі;
4) медициналық бұйымдар тізілімінде ПАКС жүйесін тіркеу;
5) Қазақстан аумағында телерадиологиялық жүйені енгізу бойынша ұқсас тәжірибе, бір облыста кемінде 20 орталықтандырылған медициналық мекеме;
Балама ұсыныстарды беру орны, күні және түпкілікті мерзімі:
«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 201 үй мекенжай бойынша алуға болады, байланысушы тұлға – Каналиев Асылбек Саламатович, Перепелкина Людмила Анатольевна, телефон 8- 7112-24-55-06, 24-55-07. Ұсыныстар 2021 жылдың 17 қазанға дейін қабылданады.