Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Казталов ауданының 2- ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: БҚО, Казталов ауданы, Жалпактал ауылы, Е.Ақсыйықов көшесі 18, пошталық индекс 090705 телефон 8 (71138) 21-6-99, Эл. адрес: Gtmo78@mail.ru
2.Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Медицина саласында жоғары білім. Экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің болуы немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы. Немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы. Денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
3.Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.
4.Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
5.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Конкурсқа қатысу үшін өтініш; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; ерікті нысандағы өмірбаян; білімі туралы құжаттар көшірмесі; еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан көшірме; сотталмағаны жөніндегі және денсаулық жағдайы туралы анықтама. Сонымен қатар конкурсқа қатысушылар өз біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілік арттыру туралы құжаттардың, ғылыми дәреже және ғылыми атақ беру туралы құжаттардың, ғылыми басылымдардың көшірмесі, осыған дейін жасаған жұмыс орны басшысының ұсынымы және т.б.)
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады
8.Конкурс өткізу орны: БҚО, Казталов ауданы, Жалпактал ауылы, Е.Ақсыйықов көшесі18, пошталық индекс 090705, телефон 8 (71138) 21-6-99, Эл. адрес: Gtmo78@mail.ru