2020-2021 жж. қаңтар-наурыз айларында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдамалық анықтама

Денсаулық сақтау басқармасы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 18 түрін ұсынады, атап айтқанда: 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей мемлекеттік орган, 18 түрін ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсетеді.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында денсаулық сақтау саласында 486618 мемлекеттік қызмет көрсетілді (9,1%-ға өсу), 2020 жылы 304886 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2021 жылдың ұқсас кезеңінде электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны 485407 (жалпы санынан 99,8%)-(32,0-ға өскен), 2020 жылы-304886 (жалпы санынан 68,3%) құрады.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында қағаз түрінде 1211 қызмет көрсетілді (жалпы санынан 0,2%), бұл көрсеткіш 99,4%-ға азайды, өткен жылдың ұқсас кезеңінде-141101 (жалпы санынан 31,7%).

 «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына сәйкес автоматтандырылған қызметтер (Мемлекеттік корпорация және «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер) есептік нысанда есепке алынбайды.

Осыған байланысты есепте Мемлекеттік корпорация және «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін аталған мемлекеттік қызметтердің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді лицензиялауға байланысты қызметтердің саны жоқ.

 

 

№

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

2020ж.

3 айында

2021ж.

3 айында

 

Барлығы

445987

486618

1

Дәрігердің қабылдауына жазылу

211537

285072

2

Дәрігерді үйге шақыру («Казмединформ» МАЖ арқылы»)

41508

35263

3

Медициналық ұйымға тіркелу (БХТ)

12791

31559

4

Психоневрологиялық диспансерден анықтама беру*

0

0

5

Наркологиялық диспансерден анықтама беру*

0

0

6

Туберкулез диспансерінен анықтама беру*

0

0

7

АИТВ-инфекциясының болуына ерікті жасырын және міндетті құпия медициналық зерттеу

10024

Тізілімнен алынып тасталды

8

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

4748 қағаз түрінде

11500 қағаз түрінде

9

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

30831 қағаз түрінде

26982 қағаз түрінде

10

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру

34256 қағаз түрінде

17630 қағаз түрінде

11

Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру (стационарлық науқастың электрондық тіркелімі)

25804

20793

12

Транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде ерікті түрде қайырмалдыққа келісімді немесе келісімді кері қайтарып алуды тіркеу

0

0

13

Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту

2118 қағаз түрінде

3143 қағаз түрінде

14

Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлықтан өткізу, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы құжаттар беру

485 қағаз түрінде

801 қағаз түрінде

15

Жедел медициналық көмек көрсету

57047 қағаз түрінде

43119 қағаз түрінде

16

Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру

209 қағаз түрінде

666 қағаз түрінде

17

Емдеуге жатқызу бюросы порталы (емдеуге жатқызу бюросы порталы) арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру)

5613

9680

18

Санаторий-курорттық емделуге мұқтаждығы туралы қорытынды беру

377 қағаз түрінде

410 қағаз түрінде

19

Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу мүмкіндігі туралы құжаттарды қабылдау және қарау

0

0

2*

«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, оның ішінде:

33

0

2.1.

«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы

33

0

2.2..

Медициналық қызметке лицензия беру

33

0

    

БҚО денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында ағымдағы кезеңде қалалық және аудандық медициналық ұйымдар деңгейінде 8 жоспарлы бақылау іс-шарасын өткізді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің қорытындылары бойынша ұйымның ресми сайтында жаңғыртылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының болмауы (қолжетімсіздігі) және ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының ескі баяндалуы тәрізді елеусіз бұзушылықтар анықталды, олар бақылау іс-шараларынан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жойылды. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында ҚР заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, уақтылығы және дұрыстығы бойынша мониторинг жүргізуде.

Ағымдағы айда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 389 түсіндіру іс-шарасы өткізілді; медициналық ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында, барлық МҰ-да қажетті мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халықты ақпараттандыру үшін ақпараттық стендтер орналастырылды.

    Бүгінгі таңда халықтың әлеуметтік белсенді топтарына ЭЦҚ беру бойынша жұмысты күшейту, электрондық қызметтерді алу үшін оны қолдану тәсілдерін түсіндіру және «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін насихаттау бойынша жұмысты жандандыру міндеті қойылып отыр.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарында көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ыңғайлы күту үшін қажетті жағдайлар жасалған (үй-жайды кондиционерлеу, күту үшін жағдайлар, отыратын орындар, электрондық кезек, «кедергісіз қызметтер» көрсету, пандустар және т.б.). Барлық қалалық емханаларда электрондық кезекті басқарудың «электрондық табло» бағдарламасы енгізілді.

    Медициналық ұйымдардың үй-жайларында өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған бұрыштар ұйымдастырылған, көрсетілетін қызметті алушылардың электрондық ақпараттық жүйелерге еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін консультациялық және практикалық көмек көрсете отырып, компьютерлер орнатылған.

 

Дата публикации
05 апреля 2021