Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 қарашада № 21660 болып тіркелді
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 89-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Цой |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы – адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босату және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алу құқығын растайтын құжат;
3) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы – жәрдемақы алмай жұмыстан (оқудан) босату үшін негіз болып табылатын, еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат;
4) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі.
2-тарау. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
1) Заңға сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер (бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері) береді;
2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді;
3) медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) арқылы жүзеге асырылады.
1) денсаулық жағдайын, еңбек сипаты мен жағдайларын, әлеуметтік факторларды бағалау негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық белгілерін белгілейді;
2) осы Қағидаларға сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдерін айқындайды;
3) еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты немесе анықтаманы береді және дәрігерге кезекті бару күнін белгілейді, оны бастапқы медициналық құжаттамада тіркейді;
4) пациентті консультация үшін ДКК-ға және медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі - МӘС) уақтылы жібереді.
1-параграф. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
Көрсетілетін қызметті беруші пациентке "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" немесе "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызметтерді тікелей жүгінген кезде немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған;
2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған;
3) жүктілікті жасанды үзген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) жүкті болған және босанған;
6) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
8) карантин;
9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.
1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану;
2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған;
3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген;
4) науқас балаға күтім жасаған;
5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен;
6) жүктілікті жасанды үзген;
7) жүкті болған және босанған;
8) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған;
9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген;
10) карантин;
11) ортопедиялық протездеу;
12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде (кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді) беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын "Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Өтінімді электрондық түрде берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "Электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық форматта алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ қойылған порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салуды қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін;
2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы;
3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем-шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан (нашарлаудан) тыс созылмалы аурулары бар;
4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.
Көрсетілген жағдайларда пациентке амбулаториялық (стационарлық) науқастың медициналық картасынан көшірме беріледі.
1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері;
4) санаторийлік-курорттық ұйымдар;
5) апаттар медицинасы ұйымдары;
6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
9) жедел медициналық көмек ұйымдары бермейді.
2-параграф. Жіті немесе созылмалы аурулар асқынған, жарақаттар мен уланулар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады.
Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге береді. Үш күннен жоғары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзартуды учаскелік дәрігер жүргізеді.
Ауылдық жерлердегі фельдшерлер дәрігер болмаған кезде халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде береді.
Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ке жіберу үшін негіз болмаса, бірақ адамдардың еңбек жағдайы аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан бастап алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай ДКК белгілейді.
Адам жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте қызмет көрсетілген кейін келесі күні амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымға жүгінеді.
Егер адамға жедел жәрдем бригадасы және (немесе) травматологиялық пункте жұма күні, демалыс және мереке күндері қызмет көрсетілсе, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым, травматологиялық пунктке және жедел жәрдем станциясына жүгінген күнді және одан кейінгі демалыс пен мереке күндерін олардың көрсетілген медициналық ұйымға жүгінгендерін растайтын анықтаманың негізінде есепке ала отырып береді.
Егер стационардан шығару сәтіне адамның еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілсе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы шығарылған күнмен жабылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы сақталып отырған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы оның емхананың медицина қызметкеріне келуі немесе медицина қызметкерін үйге шақыруы (бір күннен аспайтын мерзімге) үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.
Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған адамдарға оның тұрақты мекенжайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ күнтізбелік төрт күннен аспайтын мерзімге) есептеледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын одан әрі ұзарту және жабу адамның тұрғылықты жері бойынша ДКК қорытындысынан кейін оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе одан әрі емделу үшін науқас жіберілген медициналық ұйым жүргізеді.
Пациентке еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы берілген аурумен байланысты емес басқа ауру туындаған кезде, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы жабылады және еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Егер, осы ауру бойынша еңбекке қабілеттілік қалпына келгеннен кейін, алкогольдік немесе есірткілік мас болу күйінде алған жарақаттармен туындаған еңбекке уақытша жарамсыздық жалғасады, қайтадан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы ашылады.
Созылмалы алкоголизм (нашақорлық) өзге де аурулармен және еңбекке қабілеттілікті бұзатын жағдайлармен асқынған кезде еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
Соттың шешімі бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы сараптамаға түскен күнінен бастап беріледі.
Көрсетілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Бұл еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзарту адам жіберілген медициналық ұйымда жүргізіледі.
Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын соңғы ресімдеуді ол қайтып келген кезде ДКК басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде жүргізеді.
Ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттарды қазақ немесе орыс тіліне аудару және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекіту қажет.
1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы (сол аурумен) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей;
2) жарақаттану кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін, ауру ағымының болашақ болжамы болған кезде ДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі айға ұзартылады;
3) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.
Егер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы босануға байланысты берілсе - босану күні, ұл/қыз баланы асырап алуға байланысты-асырап алу күні, науқас балаға күтім жасау бойынша - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының "Жұмысқа кірісу" деген жолында: "Жұмысқа жарамды" (келген күні көрсетіле отырып), "Қай күннен бастап" және "Қай күнді қоса алғанда" деген бағандардағы бос жолдар "Z" белгісімен сызылады.
Бланкілердің түбіртектері, бүлінген немесе алынбай қалған бланкілер медициналық ұйымда екі жыл бойы сақталады, содан кейін басшы бұйрығының негізінде жойылады. Бүлінген немесе алынбай қалған бланкілерді жою туралы акт бес жыл бойы сақталады.
3-параграф. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге беріледі қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн);
2) Қазақстан Республикасының шегінде уақытша тұрақты тұрғылықты мекенжайынан кеткен әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босанған медициналық ұйымдарда немесе Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес босандыру ұйымдарының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша әйелдер консультацияларында беріледі (ұзартылады).
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс;
3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босандыру денсаулық сақтау ұйымдарының шығару парағына сәйкес бақыланатын жері бойынша медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді, қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн).
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге, асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз сексен төрт күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн).
4) жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі;
5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған, дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан үш күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі;
6) әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс жиынтықта есептеледі және ол босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланылған күндердің санына қарамастан толықтай беріледі.
Әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін осы тармақта көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады;
7) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде енбекке уақытша жарамсыздық парағы осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;
8) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;
9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;
10) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын береді.
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді жүзеге асыру үшін;
2) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жұмыс орны бойынша жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс беру үшін беріледі.
4-параграф. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде;
2) үш жастан жоғары ауыр науқас балалардың бала осындай күтімді қажет ететін мерзімге;
3) мүгедек-баланың ДКК қорытындысы бойынша стационарда болған бүкіл кещеңіне;
4) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.
5-параграф. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты үй немесе стационарлық карантинде болған кезеңде адам жұмыс берушімен тараптардың өзара келісімі бойынша Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілген, медициналық бақылауда болуын куәландыратын құжат ретінде анықтама негізінде қашықтықтан жұмысты жүзеге асыра алады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мұндай жағдайда берілмейді.
6-параграф. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
Амбулаториялық-емханалық жағдайларда протезделуші адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы берілмейді.
7-параграф. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру
1) туберкулездің сезімтал түрі бар адам 10 ай бойы;
2) көптеген дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 12 ай бойы;
3) ауқымды дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 15 ай бойы еңбекке уақытша жарамсыз деп саналады.
Емнің оң әсері болмаған кезде (өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда бактерия шығарудың және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарда мүгедектік белгілерінің сақталуы) мүгедектік тобын анықтау үшін МӘС-ке жіберіледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
|
|
Еңбекке уақытша |
|||
|
"Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну түрлері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет; |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Еңбекке уақытша |
|||
Форма
Нысан
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы/ Лист о временной нетрудоспособности серия № 0000000
|
Еңбекке уақытша жарамсыздық, парағы |
||
|
Дәрігер толтырады да емдеу ұйымында қалдырады/ |
_________________________________________ |
__________ |
|
Емдеу ұйымында дәрігері толтырады/Заполняется врачом медицинской организации |
Еңбеккеуақытшажарамсыздықпарағы |
Емдеу мекемесінің мөрі/Печать медицинской организации Ер-Муж./ Әйел-Жен, Тиістісінің астын сызу/ Соответствующее подчеркнуть |
|
Еңбекке уақытша жарамсыздықтың түрі көрсетілсін (жіті немесе созылмалы аурулардың асқынуы, жарақаттанған және уланған, жүктілікті жасанды үзген, науқас балаға күтім жасау, жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделу, карантин, ортопедиялық протездеу)/Указать вид временной нетрудоспособности (острое или обострение хронического заболевания, травмы и отравления, искусственное прерывание беременности, уход за больным ребенком, беременность и роды, усыновление/удочерение новорожденного ребенка (детей), долечивание в санаторно-курортных организациях, карантин, ортопедическое протезирование) |
||
|
Сырқат балаға күтім жасау бойынша АХЖ-10 бойынша науқастың жасы, диагнозы көрсетілсін, карантин кезінде АХЖ-10 бойынша карантинді туындатқан аурудың атауы көрсетілсін |
||
|
Санаторийлік-курорттық емделу кезінде жолдама мерзімінің басталатын және бітетін уақыты көрсетілсін/При санаторно-курортном лечении указать дату начала и окончания срока путевки |
||
|
Режим: Режимді бұзушылық туралы белгі/Отметки о нарушении режима |
||
|
Стационарда болды/Находился в стационаре |
МӘС-ке жіберілді/Направлен на МСЭ |
|
Жұмыстан босатылу/Освобождение от работы
|
Қай күннен бастап/ |
Қай күнді қоса алғанда қай |
Дәрігердің қызметі мен тегі/Должность и фамилия врача |
Дәрігердің қолы/ |
Жұмысқа кірісу/Приступить к работе
____________________________________________
(күні мен айы жазумен/число и месяц прописью)
Жаңа парақ берілді (жалғасы)/Выдан новый лист (продолжение) №_____
__________________________________________
Дәрігердің қызметі, тегі, қолы/
Должность, фамилия и подпись врача
Емдеу мекемесінің мөрі/
Печать лечебного учреждения
Сыртқы беті
(заңды тұлға атауы/наименование юридического лица)
Бөлім/отдел ___________ Қызметі/Должность _______________ Таб/Таб №______
Тұрақты, уақытша, маусымды жұмыс (тиістісінің асты сызылсын).
Жұмыс істемеді 20___ ж ___ дан
20___ж.______ дейін
Работа постоянная, временная, сезонная (нужное подчеркнуть).
Не работал с___20___г. по____
20____г.
Еңбекке жарамсыз уақытындағы демалыс күндері ______ Жұмысқа
кірісті 20____ж.
______ дейін
Выходные дни за период нетрудоспособности (күні/дата)
Бөлім бастығының қолы ___________ Табельшінің қолы ______ Күні
Подпись начальника отдела ________Подпись табельщика________ Дата _____
Мөр/Печать
|
|
Еңбекке уақытша |
|||
|
"Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей жүгінген кезде); |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе портал арқылы - құжатты тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды. |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама не осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін. |
|
|
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - дүйсенбіден жұмаға дейін (дүйсенбі – жұма үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін), демалыс (жексенбі) және мереке күндеріне кезекші дәрігерлерінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін берілуі қажет; |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі |
1) көрсетілетін қызметті берушіге: жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
|
|
|
|
Бұйрыққа |
|||
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17406 тіркелген, 2018 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
3) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-30/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20332 тіркелген, 2020 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған);
4) "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20356 тіркелген, 2020 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК