«Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
«Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 090001, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201, анықтама телефоны: 8(7112)245525, факс 8(7112)245508, электрондық мекенжайы: oblzdrav@westkaz.kz
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» МКК директоры
Конкурсты өткізу күні: құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Комиссия құжаттарды берген адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Хабарлама телефон арқылы, кандидаттардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Байқаудың өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, №201, 115 кабинет (оң есік), электрондық мекен-жайы: oblzdrav@westkaz.kz
БҚО, Орал қаласы, Профессор В. Иванов атындағы көше, 42А
телефондары: 8 7112 26-05-61, 8 7112 26-05-58
электрондық мекенжайы: zkoaids@med.mail.kz
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық» МКК мынадай функцияларды жүзеге асырады: АИТВ-инфекциясының алдын алуға және оның таралу қарқынын төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізуді жүзеге асыру, АИТВ-жұқтырғандарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, облыс халқын АИТВ-инфекциясына диагностикалау, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету.
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджердің, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Білуге тиіс:
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы»;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар;
Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру.
бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.
Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 03 ақпаннан басталады.
Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 2021 жылғы 17 ақпан.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
6) бекітілген 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады oblzdrav@westkaz.kz , құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда,тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.