Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК басшысы лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу күні мен орны: байқау 2026 жылғы 6-мамырда БҚО, Орал қаласы, Н.Савичев көшесі 85, 3 ғимарат, 2 қабат конференц-залы мекенжайы бойынша өткізіледі. Анықтама телефоны: 87112-26-63-78, (266270)
Кәсіпорынның атауы: Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК (бұдан әрі-Кәсіпорын).
Орналасқан жері: 090000, БҚО, Орал қаласы, Н. Савичев көшесі 85. Тел: 87112-266270, Email:zkoblbolnica@yandex.ru
Кәсіпорын қызметінің мәні: қала және облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты: орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қала мен облыс тұрғындарына мамандандырылған, білікті көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
Конкурсқа қатысушылар сондай-ақ оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйымның саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін анықтайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды.
Медициналық этика талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының, Республикалық маңызы бар қалалардың басшысы (Директор)үшін:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті алу туралы куәлік (немесе сертификат);
немесе "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау" немесе "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі.
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
Басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Құжаттарды қабылдаудың басталу күні - 2026 жылғы 21-сәуір, құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні - 2026 жылғы 5-мамыр (конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады).