Орталықта студиялық, шеберлер әлемі, караоке бөлмелері тұрғындарға қызмет ететін болады. Мұнда түрлі кездесулер мен пікірталас шарасы өткізіледі. Әрбір жас кәсіпкердің өзі туралы айтуға мүмкіндігі бар. Орталықта өткен барлық іс-шараларды Youtube - арнасынан арнайы ашылған "Бөрлі мәдениет" каналынан көруге болады. Сommunity-орталығының міндеттерінің бірі-халықтық қолданбалы өнер шеберлерін іздеу және біріктіру. Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Миржан Сатқанов арнайы қатысып, орталық жұмысына сәттілік тіледі. Аталмыш орталық есігі жас мөлшеріне қарамастан ауданның кез келген тұрғынына ашық.