Аудан күніне орай арнайы келген спортшыны аудан әкімі Миржан Сатқанов қабылдап, жерлес спортшының жеткен жетістігі бөрліліктер үшін мақтаныш екендігін айта келіп, спортшыға жаңа жеңістерді бағындыруды тіледі.
Өз кезегінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова өзін құрметпен қарсы алғаны үшін бөрліліктерге алғысын білдіріп, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға дайын екендігін білдірді.