«Қарашығанақ» спорт кешенінде ашылған музей бөлмесінің ашылу салтанатына аудан әкімі Миржан Сатқанов, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, жерлесіміз Екатерина Ларионова, аудандық спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің ең алғашқы жаттықтырушысы Талғат Жармухаметов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Әскербек Нұрмұханов және бір топ Бөрлі ауданының спорт ардагерлері қатысты.
Облыс аудандары ішінен тұңғыш ашылған музейде спорт саласындағы аудан жетістіктерін бейнелейтін фото-суреттер, тың деректер мен құнды жәдігерлер қойылған.