
Керемет жаңалық! Бөрлі ауданының Бөрлі, Ақсу, Аралтал, Пугачево және Пепел ауылдарының 10 тұрғыны жылыжай шаруашылығын дамытпақ. Олардың жобаларын жүзеге асыру КПО б.в. . консорциумының акционерлері – «Шелл Қазақстан» және «Эни» компанияларының бастамасымен өткен жылы бастау алған «Batys AgroHub» жобасына қатысудың арқасында мүмкін болмақ. Жоба Орталық Азияның Еуразия қоры арқылы Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
Жоба аясында қатысушылар маркетинг негіздерін меңгеріп, өнімді өсіруден бастап оның сатылымын жолға қойып, мықты тұтынушы базасын қалыптастыруға дейінгі әрбір әрекетін жоспарлауды үйренеді. Айта кетерлігі, қатысушылардың қатарында халықтың әртүрлі санаттары – шаруалар, ұзақ уақыт үй шаруасымен айналысатын адамдар, әйелдер, көп балалы әкелер, зейнеткерлер бар. Олардың барлығы жаңа кәсіп ашып қана қоймай, ауданымыздың экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндік алған қарапайым ауыл тұрғындары. Мәселен, Пугачево ауылының тұрғыны Виталий Юн зейнеткерлікке шыққанына біраз болса да, мүмкіндікті пайдаланып, жобаға қатысуға өтініш берді. Оның айтуынша, енді ол осы жобаның арқасында өзінің арманы – жеке жылыжай салуды жүзеге асыра алады. Ол жоба бойынша жаңа нәрселерді үйреніп қана қоймай, өз тәжірибесімен, табыстарымен бөлісуге де мүмкіндік бар.
Барша жерлестерімізге сәттілік тілейміз!