
Бүгін ауданымызға Төтенше жағдайлар Министрлігі Төтенше жағдайларды алдын-алу комитетінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры А.Е. Ахметов пен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды алдын-алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі А.М. Ешмуханов жұмыс сапарымен келді.
Аудан әкімінің орынбасары М.Нурмаков ҚР ТЖМ комитетінен келген А.Е.Ахметовке және БҚО ТЖД бастығы А.М.Ешмухановқа Қызылтал, Аралтал ықшам аудандарындағы инженерлік-қорғау құрылыс жұмыстарын көрсетті. Содан соң, Ақсай қаласы “Автотранс” аймағында көктемгі су тасқынының алдын - алу бойынша күштер мен құралдардың саны мен сапасын, инженерлік, су сору техникалары, қайықтар мен мотопомпалар жағдайы мен жанар-жағармай, инертті материалдар және қапшықтар қорының жай күйімен дайындық жұмыстары таныстырылды.