Бүгін #oqy&toqy айдарында біздің өміріміздегі ең маңызды ақпарат - ЖСН туралы ақпаратты онлайн да оңай алуды жазатын боламыз. Ондай болса:

Бүгін #oqy&toqy айдарында біздің өміріміздегі ең маңызды ақпарат - ЖСН туралы ақпаратты онлайн да оңай алуды жазатын боламыз.  Ондай болса:

📌Egov.kz порталына кіріңіз;
📌Іздеу жолы арқылы «ЖСН туралы мәліметтер алу» қызметін табыңыз;
📌Қызметті онлайн сұратыңыз;
📌ЖСН иесі туралы мәліметтерді ресми құжат бойынша толтырыңыз;
📌«Маңызды құжат нөмірі» деген жолға ЖСН иесінің жеке басын куәландыратын кез келген құжат нөмірін енгізесіз;
📌Сұранысты жіберіңіз;
📌Жауап 1 минуттың ішінде порталдың сол парақшасына шығады.

📍Бұл қызмет ЭЦҚ қажет етпейді;
📍Мәліметтері енгізілген тұлғаның жасы 16-ға толмаған жағдайда, Мемлекеттік деректер қорында ЖСН туралы мәлімет болмайды. Себебі кәмелетке толмаған тұлғалар туралы деректер 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап сақталады.