
9-10 шілде аралығында Бөрлі ауданының Ақсай қаласында білікті дәрігерлер халыққа медициналық көмек көрсетеді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – елімізде сәтті жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жоба. Медициналық көмек дәрігерлік топпен, оның ішінде терапевт, хирург, отоларинголог, офтальмолог, онколог, травматолог, невропатолог, психолог, кардиолог, гастроэнтеролог, уролог, акушер-гинеколог, дәрігер-рентгенолог, дәрігер-стоматолог, дәрігер-зертханашымен көрсетілетін болады. Пойыз заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.