Хабарландыру

Хабарландыру

Құрметті аудан тұрғындары!
Су тасқынынан зардап шеккен жерлестеріңізге жанашырлық танытып, көмектесуге ниет білдіргендеріңіз үшін рахмет. Қазіргі уақытта эвакуациялау пункттерінде орналасқан тұрғындар азық-түлікпен және бірінші қажетті заттармен қамтамасыз етілген.
Гуманитарлық көмекті киім-кешек, төсек-орын, гигиеналық құралдар, кеңсе тауарлары және т.б. ұсынғыңыз келсе, оны Ақсай қаласы, Абай даңғылы, 36/1 мекен-жайы бойынша Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ғимаратындағы қабылдау пунктіне қалдыруыңызға болады. Көмек қала және ауылдық округтерге сұраныстарға сәйкес бөлінетін болады. Қосымша ақпаратты орталық басшысы 87058225153 Толқын Хадышовадан алуға болады.
Қаржылай көмекті ресми түрде «Ақсай-Қамқор» қоғамдық бірлестігінің жинап жатқанын хабарлаймыз. Басшының байланыс ақпараты: 87711093991 Айгерім Нариманова.
Су тасқыны кезінде қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге түсіністік пен жанашырлық танытқандарыңызға рахмет!
Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!