Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!

Бөрлі ауданы аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынып, қарқынды түрде жалғасып келеді.
Балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушылардың мектепке барып-қайтатын, олар жиі жүретін көпшілік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын ескертті. Жолдағы қозғалыс бағыттарын арнайы іс-әрекетпен көрсету арқылы жол ережелерін түсіндірді. Снымен қатар, жол ережелері түсіндіріліп, оқушыларға сұрақтар қойылды.
Өз кезегінде, оқушылар сабақта меңгерген жол белгілері мен ережелерін көрсетіп, бір-бірімен бөлісті. Полиция қызметкерлері дәрісті қорытындылай келіп, оқушыларға жолда абай болуға шақырды.