2023 жылғы ҰБТ-ға 405 түлектің 346-сы тапсырды, ең жоғары 140 баллдан 128 баллды Кеңтүбек ЖОББМ түлегі Шарибданов Абылайхан, 129 баллды №3 ЖОББМ түлегі Қуанышқали Нұрай және №6 МЛ түлегі Бактығалиева Альбина жинады. Аудандық орташа балл 1 мүмкіндік бойынша – 65,9 баллды, 2-ші мүмкіндікті 66,1 баллды құрады.
2023 жылы күндізгі мектеп бітірген 387 түлектің 165-сі ҚР мемлекеттік грант иегері, 18 түлек Ресей Федерациясының және 8 түлек шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды. Барлық мектеп бітірген түлектердің 49,9%-ы жоғары оқу орындарына ақысыз білім алу мүмкіндігіне ие болды. Педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік грант иегері атанған түлектер саны-16, медициналық мамандық бойынша-3 түлек, мал шаруашылығы мамандығы бойынша-8 түлек, ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша-20 түлек, құрылыс мамандығы-13 түлек, тау кен ісі инженері мамандығы-33 түлек, электр энергетикасы мамандығы бойынша-32 түлек мемлекеттік грант иегерлері атанып отыр.