
Карантин кезінде тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың бірі - коммуналдық қызметке төленетін қаржы. 15 мың теңге көлеміндегі қаражатты алу үшін қайда жолығу қажет? Қандай құжаттар тапсыру керек? Бөрлі ауданында арнайы сall-орталық жасақталды. Жергілікті тұрғындар енді байланыс орталығына хабарласып, сұрақтарға толыққанды жауап ала алады.