
Әрбір адам суға шомылатын су айдынының қауіпті орындары мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа да заттар болуы мүмкін.
Әсіресе балаларды суға шомылуға жалғыз жібермеу қажет, шомылуға тыйым салынған жерлерде мүлдем суға түспеу керек.
Осыған байланысты Шыңғырлау өзені жағалауында аудан тұрғындарына ауданның ТЖ қызметкерлері қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, күнделікті рейдтік іс-шараларын жүргізуде.
#Қауіпсіз балалық шақ-2023