Сәбира Янгушакова 100 жасқа толды

Сәбира Янгушакова 100 жасқа толды
Ғасырды артқа тастап, сан соқпақты ғұмырда төккен тері мен биік рухының арқасында тағдыр жолындағы талай қиындықтардан сүрінбей өткен ақ жаулықты ана Ақсай қаласының тұрғыны Сәбира Янгушакова 100 жасқа толды.
Ақ жаулықты ананың шаңырағына ғасырлық мерейтойымен құттықтау үшін аудан әкімі Е.Ихсанов, ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Бектурганов, қала әкімі А.Баяндыков арнайы барып, қарт ананың шаттыққа толы қуанышына ортақтасты.
Аудан басшысы «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, шаңырағының ұйтқысына айналған ақ жаулықты ананың отбасына бақыт, береке тілеп, бала-шағасының ортасында ақылман әже атанып, шаңырағының алтын діңгегі болып отырған ақ жаулықты ананың деніне саулық тілеп, жүрекжарды ыстық лебізін білдірді.
Сәбира Шәріпқызы бүгінде 10 перзентінен 32 немере, 70 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отырғын бақытты ана, ардақты әже.