«Халық қатысатын бюджет» жобасы

«Халық қатысатын бюджет» жобасы

     «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде қаланы абаттандыру бойынша 6 өтінім келіп түсті. Сараптамалық кеңеспен ұсынылған материалдар қарастырылып, дауыс беруге 3 жоба жіберілді:

     1) 10 шағынауданының №22 үй аумағын абаттандыру;

     2) Алексеев көшесі бойынша сквер салу;

     3) Алексеев көшесі бойынша спорт алаңын салу.

      Ағымдағы жылдың 23 маусым - 12 шілде аралығында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында электрондық түрде дауыс беру жүргізілген болатын. Дауыс беру кезінде Алексеев көшесіндегі тұрғындар ең белсенді болды. Дауыс беру нәтижелерімен және іске асыруға жіберілген жобалардың тізімімен Бөрлі ауданы әкімі аппаратының сайтында танысуға болады. Қазіргі уақытта ең көп дауыс жинаған жоба - 225 дауыспен Алексеев көшесі бойындағы сквер құрылысы, енді бұл жоба 2024 жылы іске асырылатын болады. Яғни, Алексеев көшесінде саябақ салу, аумағы қалаға тиесілі қалалық кеңістікке көбірек ағаш отырғызу идеясы жеңіске жетті. Тұрғындардан «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына белсенді қатысып, өз жобаларын ұсынуды сұраймыз. «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша консультацияны Ақсай қаласы әкімі аппаратынан (Абай даңғылы 3/1, 220 кабинет), сондай-ақ 41-9-89 телефоны арқылы алуға болады..