Облыстық «Қарлығаш» туриадасының жүлдегерлері

Облыстық «Қарлығаш» туриадасының жүлдегерлері

14-18 маусым күндері оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін көтеру мақсатында «Қарлығаш» жаяу туризмі техникасынан облыстық «Қарлығаш» туриадасы өткізілді. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Командалардың үздік көрсетілімі», «Ыстық тағам», «Туристік тұрмыс және дағды» байқаулары және «Өткелдер», «Жеке», «Техникалық», «Кросс-жорық» қашықтықтары бойынша өтті. Аталған сайыста Бөрлі ауданының намысын Жас туристер станциясының тәрбиеленушілері қорғап, жалпыкомандалық есепте жүлделі III орынды иеленді. Команда құрамында М.Темірхан, Б.Алипов, О.Базарбаев, Ә.Жамбыл, Ә.Ғаділше болды. Жетекшілері: Т.Ералиев, А.Сапиева, Т.Кенжемұрат, Е.Мұрат, А.Мақпозов.