15 ТҮЛЕККЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

15 ТҮЛЕККЕ «АЛТЫН БЕЛГІ» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін, 22 маусым күні аудан әкімдігінде түлектерге жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мерекелік шара аясында Бөрлі ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Нұрмақов пен 11 жыл бойы мектеп қабырғасында білім алып, жыл сайын озат оқушы атанған 15 «Алтын белгі» иегерлері бас қосты. Мұхтар Серікұлы түлектерге өзінің ақжарма тілегін арнап, салтанатты түрде «Алтын белгі» төсбелгісін және естелік сый табыс етті. Сондай-ақ, білім қуған жастардың ата-аналарына арнап аудан әкімі атынан алғыс хат табыстады.
2022-2023 оқу жылында Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында 405 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде 15 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 15 түлегіміз үздік аттестатқа ие болды.