Бүгін Бөрлі ауданының білім мекемелерінде мектеп түлектеріне аттестат табыстау салтанатты жиыны өткізілді. Биыл аудан бойынша 405 оқушы 11-сыныпты тәмамдады, соның ішінде 15 түлек «Үздік аттестат» иегері, 15 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Мектеп бітіруші түлектерге аттестат табысталып, мектеп директоры мен ұстаздары, ата-аналары атынан құттықтау сөз бен сәт сапар тілектер айтылды.
Жолдарың ашық болсын, түлектер! Өмірдің сындарынан сүрінбей өтіп, өз орындарыңды табуларыңа тілектеспіз!