Абайлаңыз-терезе!

Абайлаңыз-терезе!

Терезеден құлау-балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда. Табиғи қызығушылықтың арқасында балалар ашық терезенің алдында өте осал. Мақсаты: балалардың қауіп-қатер және үйдегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін бекіту, өзін-өзі тануды, тапқырлықты, зейінді дамыту. Полиция қызметкерлері Ақсай қаласындағы № 5 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерьлерде болып, балаларға жаздағы қауіпсіздік туралы түсінік берді. Бөрлі АПб кәмелетке толмағандар жөніндегі аға инспекторы А.Тасболатова балаларға жазғы демалыс кезіндегі тәртіп ережелері туралы айтып берді. Балалар құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті және негізгі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат алды.

@Қауіпсіз балалық шақ-2023