Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы

Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы

2023 жылдың 15 - 31 мамыр аралығында «Абайлаңыз балалар!», «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу профилактикалық іс-шаралары өтті. Шараның мақсаты: жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау. Шараға Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының мүшелері Бөрлі АПб бастығының бірінші орынбасары Е.Искаков, Бөрлі АПб кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі аға инспекторы А.Тасбулатова мен білім беру бөлімінің қызметкерлері тарапынан балаларға жол қозғалыс ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстауы, жаяу жүргіншілердің, велосипедпен жүрген кездегі қауіпсіздік туралы ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

@Қауіпсіз балалық шақ-2023