
08 маусым күні Ақсай қаласының № 6 мектеп әкімшілігі «Бала еңбегіне қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық акция аясында «Жасөспірім» атты рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Мақсаты: жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу, жасөспірімдердің түнгі уақытта үйден тыс мекемелерде заңды өкілдерсіз жүру фактілерін анықтау. Қала аумағында «Алтын шатыр», «Western Bar» мейрамханасы мен «Шашлыкоff» кафесі тексерілді. Нәтижесінде құқықбұзушылық фактілері анықталған жоқ.