Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары, тұрғындарға арналған өңірлік бағдарлама басталады!

Құрметті Бөрлі ауданының тұрғындары, тұрғындарға арналған өңірлік бағдарлама басталады!
Аудан тұрғындарының тұрғын үй сатып алуы үшін алғаш рет іске қосылатын ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы "Отбасы Банк" АҚ арқылы іске асырылатын болады. Сатылатын жылжымайтын мүлік екі пәтерлі, әр пәтердің жалпы ауданы 103 ш.м жер телімімен БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Жана Аралтал шағын ауданы, Жаханша Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан.
Бағдарламаға Бөрлі ауданының барлық тұрғындары қатыса алады.
Қарыздың ең жоғары сомасы-22 000 000 (жиырма екі миллион) теңге.
Бастапқы жарна мөлшері -10%;
Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 5% (бес пайыз);
Алдын ала қарыз мерзімі-96 (Тоқсан алты) айға дейін;
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. ҚР азаматтығы;
2. Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балаларының және т.б., бар болса) БҚО, Бөрлі ауданында кемінде соңғы 1 (бір) жыл үздіксіз тұрақты тіркелуде болуы;
3. Бөрлі ауданында таңдалған қызмет саласындағы ресми жұмыс өтілі өтініш берген сәтте кемінде бір жыл, зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталады;
4. Бағдарламаға ерлі зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
Құжаттар тізімі:
1. Белгіленген нысандағы өтініш ("Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде беріледі).
2. Өтініш берушінің және оның отбасының барлық мүшелеріне Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама.
3. "Электрондық үкімет" веб-порталынан алынған өткен жылғы зейнетақы есептеулері туралы үзінді көшірмесі (egov.kz).
4. Өтініш берушінің азаматтық жай-күйін растау (неке қию немесе бұзу туралы куәлік, баланың тууы туралы куәлігі, егер мүгедектігі бар болса анықтама.
5. Лауазымын, жұмыс кезеңін, жалақысының мөлшерін көрсете отырып, ресми бланкіде немесе ұйымның мөрімен расталған жұмысқа орналасу туралы анықтама.
6. Еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек, қызметтік тізім және т.б.).
Қажет болған жағдайда уәкілетті органның басқа растайтын құжаттарды сұратуға құқығы бар.
Құжаттарды қабылдау "Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ Ақсай қаласы, Абай даңғылы 3/1, 204 кабинет, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырады.
Бөрлі ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі