Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі - Портал) 2023 жылғы 15 мамырдан 26 мамырға дейін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

Business.enbek.kz порталында (бұдан әрі - Портал) 2023 жылғы 15 мамырдан 26 мамырға дейін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.
Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге) құрайды.
Өтінім беру үшін қажет:
• Порталда тіркелу;
• грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
• бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
• өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:
1) Тіркелген жұмыссыздар
2) Жеке кәсіпкерлер (3 жылға дейін)
Сонымен бірге үміткер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жату:
1) Мүгедектігі бар адамдар;
2) Кандас қолданыстағы мәртебесі бар адамдар;
3) Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
4) Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері;
5) Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар (жұбайы, зайыбы);
6) Көп балалы тұлғалар-көп балалы жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);
7) Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.