Бүгін біз Ұлы Жеңістің 78 жылдығын атап өтудеміз. Біздің азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін соғысқа қатысқан әкелерімізді, аталарымыз бен бабаларымызды мақтанышпен және құрметпен еске аламыз!
Бүгін ақсайлықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мемориалына гүл шоқтарын қойды. Қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алдық.
Қазіргі уақытта Бөрлі ауданында Ұлы Отан соғысының бір қатысушысы Михаил Иванович Шепель тұрады. Бүгін ардагерге барып, құттықтап, сыйлықтар табыс еттік. Үрмелі аспаптар оркестрі Михаил Ивановичке арнап соғыс жылдарындағы әндер мен оның сүйікті «Смуглянкасын» орындады. Ардагер өте сергек көрінеді, жиналғандарға көптеген тілектерін білдірді.
Құрметті жерлестер, баршаңызға мықты денсаулық, зор бақыт, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!
Еліміздің қуаты артып, көркейе берсін! Аспанымыз ашық болсын!