ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖАҢА ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

Наурыз айында орын алған табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан зардап шегіп, қалпына келтірілмейтін тұрғын үйлердің орнына сол елді-мекеннен жаңа тұрғын үй салынатын болады. Қазірі таңда жергілікті салық төлеуші "НазТур" серіктестігінің жұмысшылары Ақбұлақ, Кеңтүбек, Пугачев ауылдары және Аралатал шағын ауданында 16 тұрғын үй салуға арналған жер учаскелерінде геодезиялық жұмыстар жүргізуде.