Бөрлі ауданында санитарлық-экологиялық айлық жалғасуда. Бүгінгі сенбілік аясында 1600 көшет отырғызылды.

Бөрлі ауданында санитарлық-экологиялық айлық жалғасуда. Бүгінгі сенбілік аясында 1600 көшет отырғызылды.
Моноқала атанған Ақсайдың оңтүстік аумақ бөлігі назарға алынды. Мұнда болашақта оңтүстік жолдар бойына орман белдеулерін құру жоспарлануда. Жасыл белдеу арқасында қыста оңтүстік айналма жолда қардың түсуі азаятын болады.
Ақсай қаласының тұрғындары қаламызда жасыл желектің аз екенін жиі айтады. Біз, тұрғындарды қазіргі уақытта жергілікті органдар жүргізіп жатқан көшет отырғызу жұмысына қосылуға шақырамыз. Үйіңіздің немесе аулаңыздың жанына бірнеше ағаш отырғызып, оны күтім жасау, әсте, қиын шаруа емес. Сіздермен бірге біз қаланы жайлы етіп, өзгерте аламыз.
Бүгінгі көгалдандыру жұмыстарына ауылдық округтердің тұрғындары да белсенді қатысты. Мысалы, Ақсу ауылында 50, Қарағандыда 77 көшет отырғызылды.
Барлық жерде күл-қоқыстан арылту және былтырғы жапырақтардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Ақсайдағы мекемелер өздеріне бекітілген аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартады.
Көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды сенбілікке қатысуға шақырамыз!