
Жолдағы балалар жол-көлік жарақаты – өзекті мәселе. Аудандық полиция бөлімі балалардың жолдағы мінез-құлықтың базалық сауаттылығын және жол қозғалысы ережелерін игеру үшін білім беру мекемелерінде дәрістер, дөңгелек үстелдер, интерактивті іс-шаралар өткізді.
Ақсай қаласында 2023 жылғы 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» жедел-алдын алу іс-шарасы оздырылды.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың жол қозғалысының негізгі ережелерін білуін бекіту. Акция аясында Бөрлі АПб-нің полиция қызметкерлері жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық, сонымен бірге балалар үшін қызықты іс-шараларда ұйымдастырды.
Мәселен, ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары бастауыш сыныптары үшін ойын түрінде дәріс өткізді. Полиция қызметкерлері балаларға «Жол командирі Бағдаршам» туралы айтып, оның үш түсті сигнал шамдары бағыт-бағдар беріп тұратынын, сондықтан да, жол қозғалысының барлық қатысушыларына – ересектер мен балалар оған бағыну керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, полиция инспекторлары балаларға жолдағы тәртіпті сақтауға көмектесетін жол белгілері туралы мағлұмат берді. Шара соңында оқушылар бірінен-бірі оза қолын көтеріп, инспектордың сұрақтарына жауап беріп, полиция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.