
Бөрлі ауданының қалалық және ауылдық мектептерінің басшылары, мектепке дейінгі балабақшалардың меңгерушілері мен ата-аналар комитеті, психологтар, Бөрлі АПб-нің қызметкерлерінің қатысуымен Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің ғимаратында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың, суицид пен жыныстық қолсұғушылықтың, алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша кездесу өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қаралды. Шара барысында аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Л.Маметанова білім беру бөлімі жүйесінің жұмысы туралы баяндап, бөлімде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бөрлі АПб-нің бастығы М.Ізтелеуов баяндамасында қазіргі уақытта орын алып жатырған «алаяқтық» фактілерінің алдын алу шараларын айтып өтті. Барынша сақ болып, бейтаныс нөмірлерден келген күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға сеніп қалмай, тек ресми ақпараттарға сену керектігін қатаң ескертті. Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Қосжанова аудан мектептеріндегі кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Кездесу соңында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының психологы Б.Байқадамова жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жайында сөз етіп, оқушылармен атқарылуы қажет жұмыстар төңірегінде, тренингтер мен іс-шараларға тоқталды.