«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» орталығы Бөрлі ауданында ашылды!

«БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» орталығы Бөрлі ауданында ашылды!
Ақсай қаласында Белсенді ұзақ өмір орталығының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рақымжан Ерманов қатысып, орталыққа келуші зейнеткерлерді құттықтады. Салтанатты шара барысында ауданның талантты жастары мен әжелер ансамбілі өнер көрсетті.
Белсенді ұзақ өмір орталығы Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тапсырысымен «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ашылды.
Аталған орталық ауданымызда 3 жыл бойы өз қызметін көрсететін болады.