Бөрлі ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы бірінші ұймдастыру сессиясы туралы ақпараттық хабарлама

Бөрлі ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы бірінші  ұймдастыру сессиясы туралы ақпараттық хабарлама

2023 жылдың 30 наруыз күні Бөрлі аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихатының бірінші сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Каржауов    ашып жүргізді.

Сессияға аудан әкімі Е.Н.Ихсанов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың  жетінші және сегізінші шақырылымдағы депутатары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, қала және ауыл әкімдері,  БАҚ өкілдері қатысты.

          Е.Каржауов 2023 жылғы 19 наурызда  өткен Қазақстан Республикасының  Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат  сайлауының өтуі нәтижесі туралы баяндаманы оқыды.    Өз сөзінде, 13 аумақтық сайлау комиссиясында 38 уміткер тіркелген болатын. 38 үміткердің арасынан:

13- «Аманат» партиясы атынан;

3-  Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан;

1 – «Ауыл» халықтық -демократиялық патриоттық партиясы атынан.

21 үміткер – өзін-өзі  ұсынғандар.

Саяси партияларға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен  «Аманат " партиясына – 9  және Қазақстанның " AQJOL " демократиялық партиясына – 3, – «Ауыл» халықтық -демократиялық патриоттық партиясы атынан 1 депутаттық мандат берілді.

                   Ашық дауыс арқылы мәслихат депутаттары бірауыздан Бөрлі аудандық мәслихат төрағасы лауазымына депутат Ермекбаев Қайрат Төлегенұлы сайланып, сессия жұмысын әрі қарай жүргізді.

          Аудандық мәслихаттың келесі тұрақты комиссиялары құрылды: бюджет, экономика және инфрақұрылымды дамыту мәселелері              бойынша,  өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық саясат мәселелері бойынша, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссия және олардың төрағалары сайланды.

       Сессия соңында аудан әкімі Е.Н.Ихсанов жаңа шақырылған депутаттарды құттықтап, жетінші шақырылған депутаттарға ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапаттады.