7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне орай кездесу кеші ұйымдастырылып, салтанатты мерекелік концерт өтті.

7 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлының қатысуымен  Халықаралық әйелдер күніне орай  кездесу кеші ұйымдастырылып,  салтанатты мерекелік концерт өтті.
Аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы «Көктем мезгілінің осындай айтулы мерекемен басталуы бүкіл әлем мойындап, өзгерместей қалыптасқан дәстүрге айналды. Сіздер өмірге нәр беріп, отбасының бақ-берекесі мен жылуын сақтап, ұрпақты-ұрпаққа жалғастыратын ардақты да, абзал жандарсыңдар. Бүгін тәуелсіз еліміздің өркен жайып, күллі әлемді өзіне қарата бастаған Қазақстанның беделді қайраткерлерінің бір қатары әйелдер қауымы. Сіздерге өркендеуіміз бен өсу жолындағы қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін», деп құттықтауын білдірді.
Асыл жандардың мерекесіне арналған концертте Бөрлі аудандық демалу орталығы өнерпаздарының орындауындағы ана тақырыбындағы әсем ән әуендері нәзік жанды аруларды айрықша тебіреністі күйге бөлеп, әйелдер өмірінің шынайы бейнесі жасалып, әйел затының аяулы ана, адал жар, жауапты қызметкер әрі лауазымды басшы ретіндегі айрықша рөлі көрсетілді.