Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы ауданымызға іссапармен келді. Облыс басшысы Ақсай қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Мәдениет үйінде ауданның тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатырған және биылғы жылы бастауын табатын жұмыстардың жоспарымен бөлістік. Кездесуден кейін Н.Төреғалиев және облыстық басқарма басшылары тұрғындарды жеке сұрақтармен қабылдау өткізді.