Бөрлі әкімі аппараты ауданның жергілікті 2022 жылда атқарушы органдарымен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау жүргізді.
Талдау нәтижесіне сәйкес келесідей жағдай анықталды.
Бөрлі ауданында 2022 жылдың қорытындысы бойынша 4185 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді, соның ішінде 3714 арыз, 55 шағым, 47 ұсыныс, 369 басқалары (хабарлама, сауал, үн қосу).
Келіп түскен өтініштер:
Орындалуы бойынша 3950 өтініш қаралды нәтижесінде:
Аудан бойынша 264 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды: аудан/қала әкімі және оның орынбасарларымен - 259 тұлға, дербес бөлімдердің басшыларымен -1, ауылдық округ әкімдерімен - 4 тұлға қабылданған.
Жеке қабылдауларда әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй секілді мәселелер жиі көтерілді.
Азаматтар тоқсан сайын бекітілетін қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі. Қабылдау кестесі, бекітілгеннен кейін «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде және аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті К.Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатына мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында 2022 жылдың 18 ақпанында және 24 желтоқсанында Бөрлі ауданы бойынша «Ашық әкімдік» шарасы өткізілді. «Ашық әкімдік» барысында аудан әкімі, оның орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімдері және құқық қорғау органдары, коммуналдық қызмет басшылары қабылдау жүргізді.
Шара барысында 56 адам қабылданды. Қабылдау барысында тұрғын үйді ұсыну, жер қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек және материалдық көмек тағайындау, сонымен қатар ауылдық округтерінде электр желілерінің тозуы, медициналық қызметкерлердің жетіспеуі, қанғыбас иттердің көбеюі және Подстепное-Илек тас жолды жөндеу секілді мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, 7 мәселе бақылауға алынды.
Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімімен бірлесе отырып, дербес бөлімдер, ауылдық округтер әкімі аппараттарына және Ақсай қаласы әкімі аппаратының мамандарына үнемі өтініштерді есепке алу, сонымен қатар ҚР ӘРПК бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы методикалық көмек көрсетеді.