Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 14 қаңтарға тағайындаған болатын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 14 қаңтарға тағайындаған болатын
Облыстан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Айболат Құрымбаев, Арман Өтеғұлов, Ақылбек Сұлтанов ауданымызға арнайы келіп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев жүргізді. Жиында үміткерлер өмірбаяны мен бағдарламаларын таныстырды. Алдымен, ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Айболат Шамұратұлының өкілі Асылхан Қармысов өмірбаянмен таныстырды. ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Арман Кәрімұлының өмірбаянын Гүлнұр Жамбаева баяндады. ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Ақылбек Ұзақбайұлының өмірбаянын Қабделжамел Насипов таныстырып өтті. Әр үміткердің өмірбаяны таныстырылғаннан кейін, кандидаттар жиынға қатысушыларға өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев кандидаттарға сәттілік тілеп, өздерінің бағдарламаларын баяндап, жоспарларымен бөліскені үшін аудан депутаттарының атынан алғыс білдірді.