2022 жылдың 9 айында Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына келіп түскен өтініштерге талдау

2022 жылдың 9 айында  Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы органдарына  келіп түскен өтініштерге талдау

Бөрлі әкімі аппараты ауданның жергілікті 2022 жылдың 9 айына  атқарушы органдарымен қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша талдау жүргізді.

Талдау нәтижесіне сәйкес келесідей жағдай анықталды.

Бөрлі ауданында 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 1745  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері тіркелді, соның ішінде 1400 арыз, 33 шағым, 32 ұсыныс, 280  басқалары (хабарлама, сауал, үн қосу).

Келіп түскен өтініштер:

  • 571- аудан әкімінің аппаратына;
  • 426 – дербес бөлімдерге;
  • 748 – Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттарына;

Орындалуы бойынша 1537 өтініш қаралды нәтижесінде:

  • авторға жауап берілді – 245,
  • қолайлы әкімшілік акт қабылданды – 1041,
  • ауырпалықты әкімшілік акт қабылданды – 153,
  • тоқтатылды –63,
  • назарға алынды – 6,
  • басқасы - 29,
  • 169–і құзыреттілігіне қарай қарау үшін жолданды.

 

Аудан бойынша 183 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды: аудан әкімі және оның орынбасарларымен - 155 тұлға, дербес бөлімдердің басшыларымен -1, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен - 27 тұлға қабылданған.

Жеке қабылдауларда әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй секілді мәселелер жиі көтерілді.

Азаматтар  тоқсан сайын бекітілетін қабылдау кестесіне сәйкес  жүргізіледі. Қабылдау кестесі, бекітілгеннен кейін «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде және  аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті К.Тоқаевтің «Халық үніне құлақ асатына мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында және қоғаммен байланысты нығайту мақсатында  2022 жылдың 18 ақпанында Бөрлі ауданы бойынша «Ашық әкімдік» шарасы өткізілді. «Ашық әкімдік» барысында аудан әкімі, оның орынбасарлары,  дербес бөлімдердің басшылары және Ақсай қаласы мен ауылдық округ әкімідері қабылдау жүргізді.

Шара барысында 50 адам қабылданды. Қабылдау барысында  тұрғын үйді ұсыну,  жер қатынастары, атаулы әлеуметтік көмек және материалдық көмек тағайындау, сонымен қатар ауылдық округтерінде электр желілерінің тозуы, медициналық қызметкерлердің жетіспеуі, қанғыбас иттердің көбеюі және Подстепное-Илек тас жолды жөндеу секілді мәселелер көтерілді.

Көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, 7 мәселе бақылауға алынды.

  Аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімімен бірлесе отырып, дербес бөлімдер, ауылдық округтер әкімі аппараттарына және Ақсай қаласы әкімі аппаратының мамандарына үнемі өтініштерді есепке алу, сонымен қатар ҚР ӘРПК бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы методикалық көмек көрсетеді.