Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 желтоқсанда өткен Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 25 желтоқсанда өткен Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы  ХАБАРЛАМАСЫ

Сайлауға «Amanat» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатысты.

Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 973 сайлаушының 82,5 %-ы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Утилиев Асхар Хариполлаұлына 661 (алты жүз алпыс бір) – 85.3%, Салимгереева Мадина Ақеділқызына 66 (алпыс алты) – 8.5%, Жангалиев Асылжан Алмазұлына 48 (қырық сегіз) – 6.2% дауыс берілді.

 Дауыс беру нәтижесінде Утилиев Асхар Хариполлаұлы Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Утилиев Асхар Хариполлаұлы, 20.06.1964 жылы туылған, ұлты қазақ, Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің лауазымын атқарған, «Amanat» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Жарсуат ауылының тұрғыны.

 

Бөрлі аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы