Ерікті болу тамаша

Ерікті болу тамаша

№ 3 жалпы білім беру мектебінде Бөрлі ауданының жұмыспен қамту бөлімінің әлеуметтік тапсырысымен «Жас Дарын» қоғамдық қоры «Ерікті болу тамаша!» атты аудандық байқауын өткізді. Байқауға 9 мектептен еріктілер топтары қатысты. Мақсаты: айналамыздағы көмекке мұқтаж адамдарға бағытталған балалардың игі істері туралы шығармашылық есеп беру. Сайыс барысында әр топ есептерін фото, видео арқылы жеткізді. Әр топ қатысушылармен тренинг жүргізді. Байқау нәтижесі бойынша «Ең үздік еріктілер тобы» номинациясында - № 3 мектебінің тобы, «Экологиялық еріктілік» - № 1 мектебінің және «Әлеуметтік саладағы еріктілер» номинациясы бойынша Пугачев мектеп-балабақша кешенінің топтары дипломдар мен естелік сыйлықтарымен марапатталды. Осы байқау арқылы біздің ұрпақтарымыз үлкенге де, кішіге де қамқор боп, ерікті боп жақсылық игі істер жасай алатыны туралы күмән емеспіз. Қатысқан барлық еріктілер «Жас Дарын» қоғамдық қорының алғыс хаттарымен марапатталды.
#бөрліауданыныңжұмыспенқамтужәнеәлеуметтікбағдарламаларбөлімі #әлеуметтікқорғау #еріктілер