«Бақытты отбасы дегеніміз не?»

«Бақытты отбасы дегеніміз не?»

«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Бақытты ана-бақытты бала-бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйге әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушілері А.Сарбасова мен Б.Ахметова, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы полиция капитаны С.Омарова, «Жас Дарын» қоғамдық қорының директоры Т.Ищенко, орталық мамандары мен қызмет алушылар қатысты. «Бақытты отбасы дегеніміз не?», «Отбасының бақытты болуы үшін өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақтар талқыланып, отбасылық өмірдің қағидалары мен өсиеттері пысықталды. Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің идеалды отбасы моделін жасады.