«Түнгі қаладағы балалар»

«Түнгі қаладағы балалар»

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 қараша күні Ақсай қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары А.Асмамбетова және мектеп психологі В.Арыстанбекова мен Аралтал ауылының учаскелік полиция инспекторы Суюсан Даулет Аликовичпен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.