«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - АДАМ ҚҰҚЫҒЫ»

«БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - АДАМ ҚҰҚЫҒЫ»

Полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтары мен міндеттерін атап өтті. Сондай-ақ, оқушыларға өздерін құрметтеуге, бойындағы бар қабілетті тек жақсылыққа бағыттай білуге, зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болып, ар-намысты биік ұстау қажет деді. Өз тағдырларының-өздерінің қолыңда екенін атап өтті. Өзіне сеніп, өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай өзін сақтай алады.Тәртіпті бол, өз құқығыңды дұрыс пайдалан. Сен ел үшін керексің, өйткені сен- тәуелсіз еліміздің болашағысың деп мектеп инспекторы сөзін аяқтады.